XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Н. Назарбаев

 

 

Мәңгілік ел – Қазақстан = Вечная страна – Казахстан =  бас ред. Ж. Тойбай. - [Алматы]: Қазақ энциклопедиясы, [2019]. - 183, [1] б. : суретті. 

«Мәңгілік ел - Қазақстан» фотоальбомы Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық-саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын,ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б. ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.

Қамзабекұлы,  Д. Алаш арқауы  Д. Қамзабекұлы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2018. - 406, [2] б.- (50 жыл Қазақ энциклопедиясы).

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі – Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

Салғараұлы, Қ. Қазына [Мәтін]: [ой-толғамдар, мақалалар] / Қ.Салғараұлы.- Алматы: Дәстүр, 2019.- 383, [1] б.

Белгілі ғалым-жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және [Күлтегін] сыйлығының иегері, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлының бұл еңбегі қазақ халқының тарихын халықтың өз таным-түсінігі негізінде қайта пайымдаудың қажеттілігін , халықтың ауызша тарихының  деректерін жазба дереккөздерімен салыстыра зерделеу арқылы оқырманды шынайы төл тарихымен табыстыруға болатынын , жазба дереккөздерінде жоқ деректердің халықтың тілінде сақталып қалатынын жан-жақты дәлелдейді.

Айтбайұлы, Ө. Тілтірек [Мәтін]: [ой-толғамдар, мақалалар] / Ө. Айтбайұлы.- Алматы: Дәстүр, 2019.- 382, [2] б.

Академик Өмірзақ Айтбайұлының бұл кітабы да бар өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі. Ол мәдениет ,қоғам қайраткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнер туралы толғанса да немесе автор туралы замандастары сөйлесе де қасиетті ана тіліміздің тағдыры тілге тиек етіледі.

Күмісбайұлы, Ш. Өмірдің соңғы бір сәті [Мәтін]: [повестер мен әңгімелер] / Ш. Күмісбайұлы.- Алматы: Алаш, 2018. – 383, [1] б.

Заман ағымына сай жазылған шығармалар өмір шындығын саралап, толғауы тоқсан толғақты мәселелерді тілге тиек етсе, әңгімелері де бүгінгі уақыттың бет-бедеріндегі сан қилы өмір белесіне жетелейді. Аз жазса да, саз жазатын қаламгердің шығармалары негізінде ауыл адамдарының қилы-қилы тағдырының күнгейі мен көлеңкесіне тоқталады.

Әбдішова, Ж2019. 351, [1] б.. Өмір сүрсем... кеш емес [Мәтін]: [әңгімелер] / Ж. Әбдішова.- Алматы: Алаш.

Тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнелеген. Негізі кейіпкерлері – әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын селқос қалдырмайды, еліктеріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.

Қалдырған ізің мәңгілік / құраст. Қ. Қорғанов. - [Қостанай]: [Шапақ], [2018].- 327, [1] с. : суретті. 

 Кітап тәуел­сіздігіміздің ширек ғасырында бі­лім беру саласындағы қол жеткен жетістіктер, білім беруде үздік әдістемелерін қалыптастырған із­денімпаз ұстаздар мен мектебінің мерейін үстем еткен дарынды шәкірт­тер жөнінде сыр шертеді. «Өткен ғасырдың 40-шы жылдары өмірге келген біздер ұстаз дегенде биязы да кішіпейіл, жүзінен мейірім шуағы төгілген, үстіндегі көнетоз киіміне шаң жуытпайтын, қашан көрсең де дауыс көтеріп сөйлемейтін, бар ынта-ықыласы шәкірт санасына білім құйсам дейтін, үнемі білсем, үйренсем деп ізденіп жүретін білімді де қарапайым жан көз алдымызға елестейді», деп жазады кітапты құрастырушы қазақ журналистикасының ардагері Қажи Қорғанов.

   

Абдрахманов С.Өнер өлкесі:зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар / Сауытбек  Абдрахманов. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 656 бет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті ака- демигі, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың аты өнертанушы ретінде де ардақты. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарындағы кино, театр рецензиялары арқылы қалың жұртшылыққа жастай танылған автордың өнер жөніндегі зерттеулері, мақалалары, сұхбаттары  өзі 16 жыл бойы басқарған «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде 200 мыңнан астам таралыммен жүйелі жарияланып, дәйім оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келді. Әйтсе де, бұған дейін олар топтастырылып, кітап күйінде шықпаған еді. Енді, міне, сол олқылықтың орны тоғалы отыр.«Өнер өлкесінен» сіз қазақ мәдениетінің майталман тұлғалары, әлемдік өнердің маржан туындылары туралы мол мәліметке қанығып, Ғабит Мүсі репов, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, Людмила Зыкина, Махмұд Эсамбаев, Нұрмұқан Жантөрин, Михаил Ульянов, Андрей Кончаловский, Наталья Арынбасарова, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Исмайылова, Сергей Соловьев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Ескендір Хасанғалиев, Сатыбалды Нарымбетов, Нұржамал Үсенбаева сынды саңлақ суреткерлердің сырлы сұхбаттарын оқи аласыз.Сауытбек Абдрахмановтың бұл кітабы қазақ мәдениеттанушылығының әлемдік өреде өрістеп келе жатқанын даусыз дәлелдейді. Терең таным мен нәзік талғам қаламгерлік шеберлікпен астасқандықтан да жинақ қызғылықты оқылады.

 

Әдетов Б.Еңлік: Әңгімелер, хикаяттар, мақалалар / Бекболат Әдетов.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2018.-384б.
Белгілі қаламгер Бекболат Әдетовтің «Еңлік» дейтін кітабына енген шығармалары негізінен бүгінгі күннің тақырыбына-өзімізді қоршаған адамдардың тағдыр-талайына, қуанышы мен ренішіне, сүйеніші мен күйінішіне арналыпты.Ұлттық баспасөзімізде көп жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан автордың қаламына ілінген ірілі-ұсақты оқиғалардың қай-қайсысы да өмірдің өзіндей қарапайым, бірде мұңды, бірде жайдары, кейде тіпті жеңіл юморға толы тартымдылығымен ерекшеленеді («Емтихан», «Бір сойқанның басы», «Шегірткенің айғыры», т.б.) әңгімелердің тілі шұрайлы, көркемдік кестесі келісті.

 

Басымұлы Қ. Шығармалар жинағы. Зерттеулер, мақалалар / Қажым Басымұлы.-Астана: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2018.-240 б.
Жинақта Қ.Басымұлының «Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері» атты еңбегі, қазақ тілінің фонетикасы, морфология, емле, тыныс белгілері, әліпби, әдебиет мәселелеріне қатысты жарық көрген мақалалары, бағдарламалары, мұрағаттан табылған құжаттар қамтылды. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы жинақталған. Кітап тіл білімі мамандарына, докторант, магистрант, студенттерге және көпшілік оқырманға арналады.                                                                                                                                          

 

БАТЫРША-ҰЛЫ С. Дипломат жазбалары . / Сайлау Батырша-ұлы. - Алматы: «Керемет медиа» баспа үйі, 2019. Кітапқа белгілі дипломат, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің про- фессоры Сайлау Батырша-ұлының дипломатия саласында атқарған ұзақ жылғы қызметі, Кеңес Одағы ыдырауы және ел тәуелсіздігі үшін күресі, мемлекеттік және қоғамдық істері туралы еңбектері, ой-пікірлері енгізілді.Жинақтың ІІ-ші томында С. Батырша-ұлы туралы жазылған еңбектер мен сұхбаттар және ойлар мен пікірлер берілген. Еліміздің егемендік алар тұстағы және тәуелсіздіктен кейінгі тартысты дипломатиялық қызметі, бостандык жолындағы батыл қадамдары мен табанды күресі де кітапқа кеңінен арқау етілген. Әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған С. Батырша-ұлымен сұхбаттар мен дипломат туралы жазылған көптеген мақалалар бар.Дипломаттың бұл таңдамалы еңбектері халықаралық қатынас маман- дарына, тарихшыларға жэәе көпшілік оқырман қауымға арналады

 

Дәуренбеков Жақау.Қолтаңба. (эсселер). - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019.-480 б.

ISBN 978-601-251-140-6

Белгілі қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтың бұл кітабы көркем жазылған сан қырлы эсселерден тұрады. «Тұлғатану», «Ағалар мен інілер», «Уақыт және руханият» секілді тарауларға бөлінген эсселерде еліміздің белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен замандас- қаламдастарының әдеби портреттері әсерлі жазылуымен баурап алады. Автордың бұрын жарық көрмеген бұл туындыларынан рухани жаңғырудың жарқын серпіні көрініс береді, оның жасампаз тұлғалары көркем кестеленеді.Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

 

Сатаев А.Тарих құпиясын ақтарған: Повестер, әңгімелер, аудармалар, роман, сұхбат, эссе, өлеңдер / Амантай Сатаев. – Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2019. 384 бет.Қазақтың жоғары білімді, жұртқа танымал жазушы әрі тарихшы, тұңғыш кәсиби мұрағатшы – архивариусы, кезінде «тірі энциклопедия» атанған «архив орбитасындағы Затаевич», жай күндегі «Сатаевич», «геологтай ізденімпаз, құмырсқадай еңбекқор, ғұламадай танымпаз» А. Сатаевтың көлемді бұл еңбегінен оқырмандар сирек кездесетін архивтік деректерге қанығады. Одан тарихи-архивтік деректерге тұнып тұрған қазақ тарихын білгісі келетін бүгінгі зерделі оқырманның санасына маңызды мағлұматтар, еуроцентристік көзқарас жайлап алған қапас көңілдерге жарық сәуле, күн нұры құйылып, ұлттың намысын қайрайтын материалдармен танысады. Автор адамзаттың тарихын, Қазақстанның, қазақтың көнеден бергі тыныс-тіршілігін мұрағат құжаттарымен нақты дәлелдейді.Сан салада қалам тартқан қаламгердің тарихи деректерге сүйеніп жазған «Дала күйлері», «Тұңғиықтағы тұнықтар», «Аққуды атпас болар», «Ақын ізімен», «Бесшатыр», «Көктемнің қысқа күні», «Туған жердің топырағы», «Мұстафа – Ташкентте», «Ботағөз», «Ағады Ақеділ» секілді еңбектері, Аттила, Абылай, Едіге, Бөгенбай, Шоқан, Махамбет, Абай, Сегізсері, Шоқай, Сүйінбай, Сәкен, Ілияс, Қажымұқан, Қаныш, Жүсіпбек, Мұхтар, Әлкей, Есенин, Жұмат, Шәкен, Жагорқызы, Арал тағдыры, Түркістан күмбезі туралы жазған туындылары автордың сергек зерттеуші, батыл пайымдаушы екенін дәлелдей түседі, Автор жалаң жазушының деңгейінде қалмай, архивтен іздеп тапқандарын, кәріқұлақтардан естігендерін, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жинап, тергендерін шынайы суреттеп, жүйеге келтіре білген.

   

 

Қайыңбаев М.
Гигальмеш туралы дастан. (Орыс тіліндегі академиялық нұсқасынан аударған). Алматы: «Кітап» баспасы, 2019. – 480 б, суретті.Дастан қазақ тіліне тұңғыш рет тіліндегі академиялық нұсқасынан аударылып отыр.Аталмыш еңбек қазақ қоғамындағы ғылыми зерттеу, оның ішіндегі аударма саласының жетістігі болып табылады. Бүгінгі күнге дейінгі орыс тілінде жеткізілген Гильгамеш туралы дастан енді қазақ тіліне аударылып, оқырманға жотартпақ.Гильгамеш туралы дастан – ежелгі Шығыстың ғажайып туындысы. Ол адамзатқа белгілі жазба көркем туындылардың ең бағзысы, кейінгі бүкіл поэтикалық көлемді дүниелердің анасы. Оның «жасы» «Иллиададан», кем айтқанда, мың жылдан астам үлкен. Гильгамеш туралы ауызша ән-жырлар біздің жыл санауымыздан ІІІ мың жыл бұрын айтылып жүрсе де, қыш кітаптарға шумер, аккад, хуррит, хетт тілдерінде түсіп, бізге жеткендерінің жасы одан 800 жылдай жас, яки, 8 ғасар кейін пайда болған.Кітап ғалымдарға, студенттерге ғылыми дерек көзі ретінде, әдебиет қоғамында жаңаша қыр ашатын, аударма саласында өзіндік із қалдыратын қомақты еңбек болып табылады

 

Толғау. Төлеген Момбековтың туындылары / Құраст. Жанғали Жүзбай. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 144 бет.

Кітапта көрнекті күйші-композитор, Қаратау күйшілік мектебің озық өкілі Төлеген Момбековтің (1918-1997) өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктер, оның орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай-ақ күйшінің өз жанынан шыққан туындылары топтастырылған. Сонымен қатар Төлеген Момбековтің бұрын жарық көрмеген терме-жырлары да жарияланып отыр.Жинақ домбыра пәнінен білім алушыларға, күтанушыларға ұсынылады.

 

Сәукетаев Т.
Желқайық. Роман/ Тұрысбек Сәукетаев. – Алматы Ан Арыс баспасы, 2019. – 580 б.Жазушы Т. Сәукетаевтің соңғы уақытта заманымыздың соқталы кезеңдерін суреттейтін «Қилы тағдар» атты романдар циклін жазып жүргені көзі қарақты оқушы қауымға жақсы таныс. «Желқайық» романы – сол цикльдің үшінші кітабы, иәки «Айқараңғысы», «Бұлағай» романдарының жалғасы.«Желқайық» – көп салалы, күрделі роман. Азаттық қарсаңындағы қазақ қоғамының әлеуметтік халі, рухани болмысы психологиялық қен ауқымда көркемдік қуатпен барынша шынайы суреттелген. Шығармада жас ғалым Бахтияр-Зуһра, өмірін ғылымға арнаған фанатик Ахметов, бір кезде партия, заң органдарында қызмететіп кейіннен ғылымға келген, қылмыс әлемімен астыртын жалғасқан жымысқы Аманбаев, тағдыры аянышты Мотя тәтей, «Сыған» т.б. бірнеше сюжеттік линия бар. Әр желі өмір құбылыстарының түрлі аспектілерін кең қамтып, өзеннің тарам-тарам саласындай бір арнада тоғысып отырады. Кейіпкерлердің қым-қиғаш тағдыры арқылы автор өмірдің небір шытырман қалтарыстарына терең барлау жасап, бүгінгі қайшылыққа толы болмысымыздың шынайы бейнесін айшықтауға талпынған.Шығарманың тілі жүрдек, бояуы қанық, жазылу үлгісі автордың өзіне тән дара машығын айқындайды. Белгілі әдебиет сыншысы Р.Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ «Желқайық» – жаңа қазақ романистикасының бөлек сападағы айқын жақсы үлгісі...».

 

Байділдин Ш.
Оюмен ой айтқан елміз. Үшінші кітап. / Шөптібай Байділдин. – Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 219. – 248 бет.

Бұл кітапта халық шеберінің көп жыл ізденіп ұлттық нақыштағы жасаған ою-өрнектері әртүрлі тақырыптарға бөлініп берілген. Альбом жоғары оқу орындарына, талапты жастарға, ұлттық ою-өрнекті қадірлеп-қастерлейтін көпшілік қауымға «Рухани жаңғыру» және «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр.

 

Оразалин Н.
Время волчица: избранные стихи/ Нурлан Оразалин. – Алматы: издательство «Ан Арыс», 2019. – 580 с.В книгу избранных стихов на казахском и русском языках видного казахского поэта, лауреата Государственной премии Республики Казахстан Нурлана Оразалина «Көкжал дәуір» — «Время волчица» вошли переводы из его книг — «Время музыки», «Ночь уединения», «Мысли аргамаки», «Беспокойное сердце», «Седьмой континент», «Послание человечеству», «Стужа-куралай», «Прощание с веком», «Осень поднебесья», «Диалоги с всевышним», изданных в разные годы.

 

Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2019, 3-т. – 640 бет.Әлемдік өркениет көшінің бойындағы ұлан-ғайыр сапарда қалың көрерменнің күнделікті сырласы мен сыйласына, ақылманына айналған өнер музасының бірі әрі бірегейі – көгілдір экран. Әрбір үйдің төріндегі сырлы да сыршыл теледидардың ғасырға жуық қалың қатпарлы өмір деректерінде қол жеткен жетістіктері мен уыстан шығарып алған сәттері де, адамзатқа сыйлаған шаттықты кезеңдері де мол. Кітапта танымал тұлғаларға, әр жылдарда көрермен жадында жатталып қалған бейнелі бағдарламаларға, болашаққа жол сілтер танымдық ойларға молынан орын берілген. Сонымен бірге оқырмандар мен тележурналистер жаһандық әрі отандық телеарналар тарихы мен қазіргі күннің сандық телевизиясы жайлы да тың және қызғылықты деректерден, айшықты кестелер мен өткен күндер тарихынан сыр шертер суреттерден, мазмұнды да мағыналы мәліметтерден хабардар болады.

 

Уәйдаұлы Үмбетбай. "Күлкі, күлкі..." (сықақ әңгімелер).

- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019, - 384 бет. Үмбетбай Уәйдаұлы - көрнекті жазушы-сатирик. Ол өз шығармала- рында қоғамда, күнделікті тіршілікте кездесетін келеңсіз көріністерді, адам мінез-құлқындағы кемшіліктерді сатираның уытты да өткір тілімен сынай отырып, оларға тосқауыл қоюға, болдырмауға үндеді, адамгершілік пен мораль мәселелерін алға тартты. Танымал сатириктің бұл кітабына артында қалған мол мұрасының ішінен бір топ сықақ әңгімелерімен қатар Қазақстандағы белгілі фельетоншы, сықақшылардың шығармашылықтарын талдаған, жалпы сатира жанрының даму барысы мен жай-күйін қарастырған сыни мақалалары да енгізілген.Жинақ әдебиеттің маңызды жанрларының бірі болып табылатын әзіл- сықақты, сатираны сүйетін қауымға, қалың көпшілікке арналған.

Медеу Сәрсеке. Семей қасіреті. – Деректі тарихи хикаят. – Астана: Фолиант, 2016. – 856 б.Жақында «Фолиант» баспасынан жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты көлемді шығармасы жарық көріп, оқырманға жол тартты.Ертіс өңіріндегі қалың елдің шерлі тағдырын шынайы деректер арқылы бейнелеген тарихи туындының арқалар жүгі ауыр. Ғасырлық қасірет зардабын отбасымен бірге тартқан Семей өңірі тұрғындарының аянышты ауыр тағдырын баяндаған хикаятта көптеген түйткілді жағдайдың түйіні шешіледі. Ғаламдық проблемаға айналған бұл аймақты зерттей, зерделей түсу болашақтың еншісінде. Автордың өз сөзімен айтқанда, «көзден жас ағызып, көңілді қарадай қарайтар оқиғалар жария болар мезгіл әлі алда, мына кітап беташар біреуі ғана…»«Толған ел тарихын жақпар тасқа жазады. Тозған ел басынан кешкенді көз жасымен жуады» деген уәжге бағып, ел-жұртыммен бірге басымнан кешкен ғасырлық қасіретті шертпей өмірден аттансам – жер басып жүргеніне мәз тоғышардың бірі болам-ау деген жегі ой мені жиі мазалап, әсіресе полигон таратқан ауыр дерттен дәрігерлер жәрдемімен сауыққан кезімде жазу үстеліне шегендегені анық…» – деген жүрекжарды сырын М. Сәрсеке осы кітаптың алғысөзінде бекерге жазбаған.Осы ойдың жетегімен туған «Семей қасіретінде» шертілетін ащы ақиқатқа кешегі XX ғасырда адамзат қауымына ел билеушілері жасаған қастандық жайында деректі эссе түрінде өрілген кітапты оқу үстінде иланасыз.

 

Дәуренбеков Жақау.Қолтаңба. (эсселер). - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019.-480 б.Белгілі қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтың бұл кітабы көркем жазылған сан қырлы эсселерден тұрады. «Тұлғатану», «Ағалар мен інілер», «Уақыт және руханият» секілді тарауларға бөлінген эсселерде еліміздің белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен замандас- қаламдастарының әдеби портреттері әсерлі жазылуымен баурап алады. Автордың бұрын жарық көрмеген бұл туындыларынан рухани жаңғырудың жарқын серпіні көрініс береді, оның жасампаз тұлғалары көркем кестеленеді.Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

 

Жүністегі, К. Соңғы Абыз : роман/ К. жүністегі. - Астана: Аударма, 2006.- 408 б.Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырмандар кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан "Дос көңілі", "Көн е хикая" , "Көксеу " атт ы кітаптарын , "Құба белдер " трилогиясын және "Көксеңгірдің тасында " повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылы қ жыл ы қабылдаған болатын. Жазушының "Соңғы абыз " романы әдебитіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі -  Шортанба й ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты  зерттеген жазушы өз романынд а сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-  жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады .

 

Омарұлы Е. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-том / Елдес Омарұлы.-Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры  Т.1-2018.-400 б.
Кітапқа Елдес Омаровтың «Қазақ тілі синтаксисі бойынша жаттығулар жинағы» атты ҚР Орталық мемлекеттік архивінен табылған еңбегінің қолжазбасы, «Ақы заңы» атты аудармасы, әліпби, емле, терминге қатысты мақалалары, түрлі конференция мен жиында сөйлеген сөздері енді. Кітап сала мамандарына, тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген зерттеуші, филология факультеттерінің студент, докторант мен магистранттарына, жалпы көпшілік қауымға арналған.