Жаңалықтар
27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының аясында «Қазақстан бойынша сиқырлы саяхат » конкурстық-ойын бағдарламасы өтті.
15 қарашада дүниежүзілік «Ақ таяқ » Күні атап өтілді. Ақ таяқ көзі нашар көретін және зағиптардың ең бір айрықша нышаны. 27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында «Ақ таяқты адам» атты «Диалог» клубының отырысы өтті.
Әулиекөл аудандық кітапханасында кітап, кітап оқуды дәріптеу, кітапхананың оң бейнесін қалыптастыру мақсатында «Шексіз кітапхана» ашық есік күні өтті.
Москалев ауылдық үлгілі кітапханасы өз оқырмандары үшін Қостанай қаласына Қазақстанның Ұлттық Банк филиалына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық валютаның 25 жылдығы күні саяхат ұйымдастырды.
ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын насихаттау барысында Әулиекөл ОКЖ бірқатар іс-шаралар жүргізді
Әулиекөл аудандық кітапханасында кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында / "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында/ «Заманауи қазақстандық көркем әдебиетті насихаттау» семинары өтті.