Жаңалықтар

4 шілдеде Москалев  ауылдық кітапханасында «Қалалар және астананың шоқжұлдыздарында» атты әдеби байқауы өтеді. Іс-шараның мақсаты - астанамыздың айбындылығының маңыздылығын көрсету,астананың тарихына қызығушылық танымдылығын белсендендіру, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету. Қатысушылардың астана туралы білімін анықтау, Астана туралы шығармаларды мәнерлеп оқу, поэтикалық дағдылары. Байқауға 6 және 15 жас аралығындағы балалар қатысты. Байқаудың басында қатысушылар астананың таприхымен таныстырды. Астана туралы слайд-көрсетілімдер қойылды. Байқауға 18 адам қатысты. Өлеңдер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқылды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталып, сыйлықтар тартылды. Ақшалай қаржыны «Москалевское» ЖШС бөлді.

Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні атап өтілді. 2018 жылғы 13 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәденеттің жаңғырту және бірегейлік идеяларын сақтау шеңберінде қоғамды одан әрі нығайту мақсатында осы мейрамды  ұйымдастырды.

22 июня в рамках проекта «Районная библиотека как информационно-краеведческий центр» в Аулиекольской районной        библиотеке вниманию читателей  представлена электронная презентация «Ел мен ердің Жеңісі. Победа солдата и народа»  к 75- летию со дня подвига героя Советского Союза,  нашего земляка Султана Баймагамбетова.

18 маусымда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және  Әулиекөл ауданының 90 жылдығын мерекелеуге арналған «Туған жерге тағзым» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде біздің еліміздің негізгі бағыттарын мен  бағдарламаларын дамыту туралы әдебиеттер ұсынылды.

 2018 жылғы 13 маусымда ауылшаруашылық колледжінің жатақханасында студенттер арасында Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына орай  «Поэзияның сиқырлы әлемі» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.     «Мағжан – орасан зор мәдениет ақыны. Оның ақындық даралығының  сиректілігі соншалықты, өз дәуірінің шеңберінен асып түседі. Бұрынғы ақындардың ішінен Мағжанның сөздері ғана болашақ ұрпақтың есінде сақталып,алға талпындырады ...» - де Мұхтар Әуезов жазған болатын.      Байқау Мағжан Жұмабаевтың  әдеби мұрасын дәріптеу , пайдаланушыларды кітапхана тарту, дарынды орындаушыларды анықтап және шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту мақсатында өткізілді. Орындаушыларға қазылар алқасы баға берді. Іс-шарада автордың мына өлеңдері: «Менің тілегім»,  «Мен жастарға сенемін», «Көктемде», «Всему миру», «Көбелек», «Түс»,  «Настроение»  және т.б. орындалды.

Мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның рухани құндылықтары», немесе «Қазақстанның киелі географиясы»жобасы іске асырылады.

Жыл сайын бүкіл ел бойынша «Бір ел - бір кітап» «Одна страна – одна книга» акцясын өткізу дәстүрге айналып кетті.