Жаңалықтар
22 қыркүйекте аудандық кітапхананың оқырман залында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Язык моих предков угаснуть не должен» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға И.Сьянов атындағы №3 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
22 қыркүйекте Әулиекөл аудандық кітапханасында аудан кітапханашыларына арналаған «Қазіргі кезеңде кітапханалық қорды есепке алу және жабдықтау» атты семинар өтті. Өзекті мәселені талқылауда ОКЖ директоры, бас мамандар, ауданның селолық кітапханашылары қатысты.
2016 жылғы 5 қыркүйекте Әулиекөл селосында «Ахмет Байтұрсынұлы және мәңгілік ел мұраты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция және қазақтың ұлы ойшылы Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіш ашылды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Әулиекөл ОКЖ Аманқарағай СК «Мен өз елімнің патриотымын» «Я патриот своей страны» атты патриоттық сағат өткізді.
«Әдеби Қостанай» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Әулиекөл ОКЖ Млскалев МК-да түрлі жастағы оқырмандар жиналды.
Қостанай облысының 80-жылдығын тойлау аясында Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарға арналған «Әулиекөл жерімен» атты әдеби-тарихи саяхат өткізілді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, «Қоғамдық келісім» РММ және КММ еліміздің кітапханаларымен бірлесіп, этно-ағарту кешендері және барлық тілек білдірушілер арасында жалпықазақстандық ашық диктант жазуды өткізді.