«Рухани қазына» бағдарламасы аясында Новоселов ауылдық кітапханасында ауыл әкімі Әлмагамбетова Айнаш Нұрмұхамбетқызының қатысуымен «Үздік оқырман шоқжұлдыздары» атты кітапхананың үздік және белсенді оқырмандарын құттықтау ұйымдастырылды.


Әр оқырманның өзіндік қызығушылықтары және әуесқойшылықтары бар. Кейбіреу кітапханаға өте сирек келсе,біреулер үнемі келіп тұрады. Біреулер детективтерді, біреулер ауыл тіршілігі туралы, ал біреулері болса тарихи романдарды таңдайды. Біреулер жаңадан келіп түскен әдебиеттерді күтіп жүрсе, кейбіреулер оқылған әдебиеттерді қайталап  оқуды ұнатады.


Оқырмандардың жас ерекшеліктері, қызмет түрлері, әуесқойлығы мен қызығушылықтары әртүрлі болсада, оларды кітапқа деген сүйіспеншілік пен кітап оқуға тарту, кітапханаға шын  берілгендік - ортақ қасиеттері біріктіреді. Ең үздікті таңдау – өте қиын.Құрмет көрсету дәстүрі 10 номинация бойынша өтті. «Үздік оқырман отбасы» номинациясын Шәріпбаевтар отбасы жеңіп алды. Бұл жанұяда кітапты бәрі оқиды.  Біздің кітапхананың жиі қонағы. Жұмакүл әжей отбасының барлық  мүшелерін  кітапқа деген сүйіспеншілік пен кітап оқуға тартуға үйретті. «Абсолюттік оқудың майталманы» номинациясына Мулдахаликова Газиза Нурдаулетовна ие болды.


«Ең санқырлы оқырман» номинациясын Каац Виктор Рудольфович алды. Виктор Рудольфович – әдеби қызығушылығы мол және жан-жақты  спектр. Ол қызықты да мағлұматы мол сұхбаттас.


«Оқу залының көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы   Било Светлана Райымбековна болды. Ол ақпаратты жедел және кең ауқымды алғанды ұнатады,сондықтан кітаптардан басқа газет,журналдарды көп оқиды. Номинация «Кітапқа құмарту» номинациясы бір автордың кітаптарына немесе бір жанрды таңдайтын оқырмандарға арналды.  Бұл номинацияның иегері  Садвакасова Алма Куанышбайқызы. Ол кітапхананың белсенді оқырманы. Өзінің сүйіп оқитын  жазушылары мен кітаптары бар. «Үздік оқырман шоқжұлдыздары» іс-шарасы үйдегідей,жылы ниетпен және мерекелік күйде өтті.Кітап оқудың пайдасының зор екендігі туралы ұлағатты сөздер және оқымандар тарапынан  кітапхана мен кітапханашыға айтылған жылы лебіздер жанға жайлы әсер етті.


Новоселов ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Жолмағамбетова Гаухар Оспанқызы көп уақыт аралығында кітапхананың адал оқырманы және сенімді дос болып келе жатқан кісілерге шексіз алғыс білдірді.Мереке барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлық тартумен аяқталды.