18 шілдеде сағат  15.00  Әулиекөл аудандық кітапханасында  «Кейкі батыр: ақиқат пен аңыз» атты тарихи-өлкетану кеші  өтіі.

Мақсаты: себепсіз ұмытыла бастаған  халық батырларының есімдерін дәріптеу,тарихи ескерткіштерге құрметпен қарау, елжандылықты нығайту, «Қазақстанның рухани киелі жерлері » немесе  «Қазақстанның киелі географиясы» жобаларымен танысу арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Жүргізушілер жиналған қауымды белгілі батырдың өмірі және  тәуелсіздік үшін күресу жылдарымен таныстырып өтті. Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының шыққан жері   1871 жылы Қостанай облысы Байтума ауылы, руы қыпшақ, орта жүз. Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихындағы ең белсенді және есімі аңызға айналған тұлғалардың бірі. Кейкі батырдың есімі  қазақ халқының бостандығы үшін өз өмірлерін қиған, әр өлкеде көтерілісті бастаушылар және оған қатысушылардың есімдерімен қатар тәуелсіздік алғаннан кейін ғана атала бастады. 2005 жылы салынған Кейкі батыр кесенесі Қостанай облысы, Аманкелді ауданының, Тасты ауылында орналасқан.  2017 жылы орнатылған кесенеге батырдың бас сүйегі жерленді. Кейкі батыр кесенесі 2017 жылы Қостанай облысының киелі объектілер картасына енгізілді.

Тарихи-өлкетану кешіне  шақырылған  біздің белгілі ақын, жазушы, прозаик Абай Қажы жиналған қауымға өзінің халық батырына арналған шығармаларын оқыды.

Іс-шара «Кейкі батыр: ақиқат пен аңыз» атты слайд-тұсаукесерімен сүйемелденіп, бейнероликтер қойылды, сондай-ақ «Қазақстан – тарихы тұнған киелі мекен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара көрмеге шолумен  аякталды.