Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Тілдер мерекесінінің негізінің идеясы  әр тіл- барлық адамзаттың рухани бөлігі, ал әр мәдениет – әлемдік өркениетке қосатын баға жетпес үлесі. Қазақстан Республикасының тілдер Күні мерекелеу аясында 4 қыркүйекте  Әулиекөл аудандық кітапханасы орталық аудандық аурухананың акт залында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» танымдылық сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді білуге қызығушылыққа тарту, халықты  мәдени мұраны зерделеу арқылы елжандылыққа, өз халқы үшін мақтаныш сезімдерге,  Қазақстан Республикасының аумағында тұратын өзге ұлт және ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға  тәрбиелеу. Іс-шараға қатысушыларға арнап  тіл, мәдениет, тарих, ҚР аумағында тұрып жатқан түрлі халықтың тұрмысы туралы көптеген қызықты тапсырмалар ойлап шығарылды. Қатысушылар  қойылған сұрақтарға өте белсенді, мағлұматты жауап беріп отырды,  «Тауып айту»   (мағынасы ұқсас қазақша мақалға орысша мақал айту) конкурсына өте белсенді түрде ат салысты.  «Не жайлы айтылуда» (қатысушыларға бірдей сөздерге анықтауыш табу туралы тапсырма берілді),  «Гурман» конкурсы  (тағам түрлері қай ұлттық дастарханға жататын анықтау)  және т.б. Іс-шара барысында  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тұсаукесері көрсетілсе, шараның соңында «Тіл – келісім    мен достықтың негізі. Язык – основа дружбы и согласия» кітап көрмесіне шолу жүргізілді.