12 қыркүйекте Әулиекөл ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында  «Дәстүр» әдеби-фольклорлық клубының қатысушылары ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен бірлесе отырып «Әулиекөл – менің мақтанышым» өлкетану кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты: тұрғындардың тәрбиелік және мәдени-көпшілік жұмыстарын қалыптастыру бойынша шағын отанға деген мақтаныш сезімдерге ,оның тарихына, тұрмыс-салтына, дәстүріне құрметпен қарауға тәрбие беру. Мерекеге ауылдың құрметті азаматтары және  ақсақалдары, Аязбаева Гаухар Ержанқызы, Ефименко Надежда Ивановна келген қонақтарға ауданның шығу тарихы және дамуы туралы,ауылдың белгілі тұлғалары – Кеңес Одағының Батырлары, Еңбек Ерлері,ғалымдар және т.б. туралы айтып берді. «Дәстүр» әдеби-фольклорлық клубының мүшесі, тұрмыстық –қолданбалы өнерінің  қас шебері Жұмағұлова Алма Ашыққыз өзінің қолөнер бұйымдарын көрсетті  дорба,той-бастар, қоржын  және т.б. Өзінің қолынан шыққан бұйымдарын келген қонақтарға сыйға тартты. Сондай-ақ іс-шараға «Мен тұратын өлке» өлкетанулық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан көпшілік  ақпараттың көп бөлігін аса қызығушылықпен қабылдап, көптеген оң әсер алды.