Осы жылы қазақтың әйгілі композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған күнінің  195-жылдығы атап өтілуде. Осы айтулы күнге орай 10 қазанда Әулиекөл аудандық кітапханасында   «Уақыт аңызы» сазды сағаты өтті.

 

Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың халық музыканты, домбырашы, көптеген күйлердің  авторы, кедей малшының отбасында өмірге келген. Қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына  зор ықпал еткен. Балалық шағынан бастап домбыра тартумен әуестенген. Құрманғазыны күй өнеріне қосқан тәлімгері белгілі күйші Ұзақ болды.  Ол Құрманғазыны Байжұма, Байбақты, Түркеш  сияқты домбыра тартудың  үздік шеберлерінің туындыларымен таныстырды. Естілген шығармалардан алған әсерлері дарынды жігіттің болашақ тағдырын айқындады. Құрманғазы  өз заманының жаршысы болған, шындық үшін күрескен адам. Ол кең байтақ қазақ  даласын мақтап, бай қырағылықты сынға алды, сол үшін бірнеше рет түрмеге түскен. Жүргізушілер композитордың ұлы шығармалары  «Кішкентай », «Алатау», «Сарыарқа» және т.б. шығу тарихын айтып берді. Іс-шара барысында   «Жетікөл» ұлт-аспаптық оркестрінің жетекшісі Алмас Хамитбеков  «Адай», «Сарыарқа» күйлерін  аса шебер орындап берді. Оқырмандар назарына әйгілі күйшінің санқырлы қызметін ашатын  «Күй атасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, соңынан шолу жасалды.  Іс-шара  «Ұлы даланың бозторғайы» слайд-тұсаукесерімен сүйемелденді.