2018 жылғы 14 желтоқсанда Әулиекөл аудандық кітапханасы Тәуелсіздік Күніне арналған «Егемен елдің Тәуелсіз жолы»кітап көрмесі ұйымдастырды.        Қазақстанның Тәуелсіздігі еліміздегі көпұлтты халықтың маңызды жетістігі болып табылады. Дәл осы ұлттардың ауызбірлігі мен ұйымдасушылығы тарихтағы аз уақыт ішінде жас тәуелсіз мемлекетіміздің  маңызды әлеуметтік-экономикалық табыстарға жетуі және халықаралық мойындатуға  жеткізуге мүмкіндік берді.Тәуелсіздік, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігін қоса алғанда – оның гүлденуі және табысының кепілі.Кітап көрмесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Казахстанский путь», «Стратегия независимости», «В сердце Евразии» және т.б. Көрмеде  тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және дамуы жайлы баяндайтын кітаптар оның ішінде: Әуелбек Ә. «Болашағына қол созған Қазақстан», Адырбек К. «Тәуелсіздікке талпыныс», М.Қозыбаева «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбекова «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаева «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» ұсынылды. Кітап көрмесінде барлығы 42 кітаптар мен журналдар ұсынылды.