Біздің шағын Отанымыздың жергілікті жазушылары біздің арамызда өмір сүргенімен,олар туралы көп біле бермейміз. Жай қарапайым адамдар сияқты көрінеді.... Бірақ біз үшін үйреншікті, көзге көрінбейтін жағдайлар  олар үшін шынайы өмірде  туған жердің сұлулығына  деген таңданыстары мен сүйіспеншіліктері молая береді. Осындай тамаша  дарынды адамдар тек қане үлкен қалаларда ғана емес, біздің Аманқарағай сияқты шағын ауылдарда тұратыны көңілге қуаныш ұялатады. Олар бізді шағын  отанымызға деген сүйіспеншілікке, мақтан тұтуға үйретеді. Аманқарағай ауылдық кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Менің шағын Отаным – Аманқарағай" жобасы бойынша жергілікті жазушылардың "Туған өлке қаламгерлері" атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Іс-шараға Аманқарағай №2 орта мектебінің 10 сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашылар оқушыларды жергілікті жазушылар: С.Ақдаулет және А.Қажидың өмірі мен  шығармашылығымен таныстырды және олардың «В последний миг», «Первая лошадь или Белолобый», «Батыр Дузей», «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Дархан дала», «Мурка», «Менің пірім – қазанаты қазақтың» атты кітаптарының тұсаукесері ұсынылды. Сатыбалды Ақдаулет пен Абай Қажи біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары болып келеді. Осы жазушылардың қолынан ізгі тілектер мен қолтаңбалары қойылған  жаңа кітаптарын сыйға алу біз үшін өте қуанышты. Іс-шара соңында 15 дана кітап берілді.