11 ақпанда аудандық балалар кітапханасында Ауғанстанның кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына және жауынгер-интернационалистердің еске алу күніне арналған  «Ауғанстанмен шыңдалған  жандар» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Ауған соғысына шынайы көзқарас қалыптастыру, жаңа буынның патриоттық тәрбиесі, қаза тапқандарды еске алуға және соғысқа  қатысушыларға  құрметпен қарауға, өздерінің әскери міндеттерін орындау кезінде ерлік пен батырлық танытуға тәрбие беруге қалыптастыру. Көрмеде өздерінің интернационалдық борышын соңына дейін  орындаған  соғыстың бейнесін байқауға болады. Келушілерге деректі, көркем әдебиет баспалары, сондай-ақ  кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті болу, әскери борыш пен антқа, батылдық пен ерлікке, әскери бауырластық пен достыққа, интернационалист-жауынгерлердің ерліктері мен тағдырларына қатысты мерзімді басылымдардың тақырыптық жинақтары ұсынылды.