14.02.2019


Қазақстан үшін терроризм мәселесі, ең алдымен, геосаясаттың орнауына  байланысты болып отыр: мемлекет Батыс пен Шығыстың арасында екі әлемнің қиылысында орналасқандықтан, барлық жерден  шиеленіс нүктелері біздің елге кез келген уақытта ауысуы мүмкін. Сондықтан халықаралық экстремизм мен терроризм Қазақстанның ұлттық мүдделеріне елеулі қатер төндіреді деген қауптің бар екендігі шындық. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: бүгінгі күннің өзекті тақырыбы - терроризм мен діни экстремизмге  жастардың назарын аудару, осындай жағдайды және оны шешу жолдарын талқылау және анықтау, жас ұрпақты толеранттылық және  конфессияаралық келісімділікке тәрбиелеу.


13 ақпанда ауылшаруашылық колледжінде «Қазақстан террорға қарсы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара жанды түрде, өте қызық өтті. Іс-шара барысында студенттер терроризмнің не екенін, онымен біздің мемлекет қалай күресіп жатқандығы туралы  талқылады, жастардың әлеуметтік және материалдық тұрғыдан аз  қамтылғандықтарынан, психологиялық жетілмегендігі және басқаның  пікіріне  тәуелділікке бейімділік жастарымыздың арасында түбегейлі идеяларды оңай таратуға жол берілуі мүмкін деген тұжырымдамаға келді. Студенттер шабуыл қаупі туындаған жағдайда, «сіз қалай әрекет етесіз? ...» лаңкестік  оқиғалары кезіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айтылды. Іс-шара бойы біздің еліміздегі террорлық әрекеттер туралы бейне роликтер көрсетілді және студенттер осы және өзге оқиғалар туралы өз пікірлеін ортаға салды. Кездесу соңында оқушыларға  «діни және экстремистік ұйымдарға еліктемес үшін не істеу керек» туралы жаднамалар таратылды.