«Бір ел – бір кітап»  Акция аясында Әулиекөл ОКЖ-де  іс-шаралар өтуде. Ұлттық әдебиетті танымал ету, тарихи, мәдени және рухани мұраларды сақтау және нығайту мақсатында жас ұрпаққа оң адамгершілік  және патриоттық тәрбие беру мақсатында Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында  «Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» кітап көрмесінің алдында диалог өтті.

Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» кітап көрмесінің алдындағы диалог. Биылғы жылдың 22 қаңтарында Қазақ ССР-нің халық жазушысы, филология ғылымының докторы, профессор, драматург, ақын, Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толды. Кітап көрмесіне жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары, мақалалары, жарияланымдары және  оны еске алу  туралы мерзімдік басылымдарда жарияланған баспалар ұсынылды. Көрмеде ақын,драматург, әдебиет танушының лирикасына ерекше көңіл бөлінді. Тәжібаевтың қаламұшынан шыққан шығармалары «Жүректілер» пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз» драмалық поэма, «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», «Майра».  Адамдардың  қайғылы тағдырын, қоғамдағы адамның орны мен  жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбие беруді сомдаған. Ә.Тәжібаев  өз туындыларында қазақ әдебиетін дамытуға белсенді түрде қатысып, даму жолдарын,оның жеңістері мен жеңіліске ұшырауын, көтерілуі мен жаңаруын көрсете білді. Кітапхана барлық тілек білдіршілерді көрмені тамашалауға шақырады.