Аманқарағай ауылдық кітапханасында  оқырмандармен бірге «Алғысқа шек жоқ» мейірімділік сағаты өтті. Іс-шараның басында қатысушылар әлемнің әр елінде қабылданған түрлі тәсілдер арқылы сәлемдесті.  


Кітапханашылар көктемнің алғашқы мерекесі туралы, Елбасы Н.А. Назарбаевтың  бастамасымен тағайындалған  Ризашылық күні туралы, біздің еліміз  елбасы  саясатының арқасында өзара түсінушілік пен  пен құрметке ие болуда екені туралы атап өтті. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Біз бір-бірімізге  ризашылығымызды білдіре аламыз ба, деген сауалмен қатысушыларға бірнеше тапсырмалар берілді: «Біз алғысымызды білдіргіміз келеді... » сөзін жалғастыру,  Алғыс білдірудің мағынасын ашып айту,  «Сөзді аяғына дейін айтып беру» ойыны.   Қазақ халқы  қайғылы оқиғалардың салдарынан Қазақстанға келген түрлі этнос өкілдерінің миллиондаған адамдарына қамқорлық пен қонақжайлық танытты. Олардың ауыртпалығын  өздерімен бірдей  бөлісіп,  біздің еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы игілікті  қарым-қатынастың көрсеткіші болды.

Бүгінгі біздің іс-шараға қатысқан қазақ, татар, орыстар, немістер, украиндер осының айғағы десекте болар еді. Үлкен экранда «Алғыс айту Күні» бейне ролигі көрсетілді.  Іс-шараның соңында кітапханашы, Алғыс айту күні -  ең алдымен, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі, соның арқасында Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, өзара сенім мен құрмет орнады деп атап өтті. Іс-шараға  «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.