Тұрғымбаев ауылдық кітапханасында «Шеберлер елі» жасөспірімдер клубы жұмыс атқарады.

Мақсаты: еңбекке машықтануды,шығармашылық қабілеттілікті қолдау және дамыту. Шығармашылық шеберханадағы клуб отырыстарында балалар табиғи және қайталама материалдардан үздік туындылар жасайды. Кітапханашы Ж.С.Жунусованың басшылығымен клуб мүшелері «Қалдықтардан - табыстарға» - «Отходы в доходы» республикалық қашықтық интернет-байқауға қатысты. Байқауды  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы өткізді.байқаудың мақсаты : қоршаған орта мәдениетін, оқушылдардың экологиялық сауаттылығы мен ой-өрісін дамыту.Байқауға 67 қатысушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша  «Қалдықтардың екінші өмірі» - қайталама материалдардан жасалған өнімдер номинациясын 2 құрметті орынды - Исмухамбетова Жайнар, 3 орын - Амиржан Акмарал (жас ерекшелігі: 10-14жастағы )ие болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Клуб жетекшісі кітапханашы Ж.С.Жунусоваға  алғыс хаты тапсырылды.