XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Н. Назарбаев

 

2019 жылғы 15 мамырда «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы  және «Қостанай облысы орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханалар күндері» облыстық жоба аясында Л.Н.Толстой атындағы  ОҒӘК-да  Әулиекөл және Науырзым ОКЖ  кітапханалар күні өтті.

 

Шараның мақсаты –  әріптестеріміздің жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.Бұл күні екі ОКЖ өздерінің мәдени-көпшілік жұмыстарын көрсетті.Әулиекөл ОКЖ  түрлі формалар арқылы өз жұмыстарын ұсынды. Әулиекөл жерінің мақтаныштары» фотогалереяға Кеңес Одағының Батыры және Еңбек Ері атағы берілген жерлестеріміздің, интернационалист жауынгерлердің және басқа да атақты тұлғалардың фотолары, ауданның тарихы мен қазіргі жағдайын баяндайтын суреттер қойылды. Туған өлке туралы әдебиеттер қойылған «Әулиекөл – таң қаларлық тағдыры бар мекенім!», әулиекөлдік жазушылар туралы  «Шабыт берген туған жер »  фотогалереялары  кітап көрмелерін ұтымды толықтыра түсті. Бұдан кейін шараны Әулиекөл ауданының алғашқы тыңгері   Екатерина Трофимовна Дергунге арналған   «От  истории семьи к истории района»  атты кешімен  жалғасын тапты,көптеген мемлекеттік марапаттардың кавалері,еңбек ардагері  есте қалған тың игеру жылдары туралы айтып берді. Көрермендерге арналған  Әулиекөлдің жас ақыны, Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер қауымдастығының және Қостанай жастарының «Крылья» поэтикалық бірлестігінің мүшесі Яна Федоровичпен әдеби   танысу кеші  өтті.  Яна Николаевна  өз өлеңдерін, прозаларын оқып қана қоймай ән де айтты, фортепианода да ойнады және өзінің шығармашылық жоспарлары туралы да айтып берді. Әулиекөл ОКЖ қызметкерлері дайындаған «Обращенное в профессию творчество»  жарнама-көрмеде атты кітапхана мамандығының жарнамасында үздік сценарийлер, портфолиолар, марапаттар, «Дәстүр», «Шеберлер елі», «Атамекен» қызығушылық бойынша оқырмандар клубтарының жұмыстары және т.б. көрсетілді. Іс-шара  мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.Әулиекөл және Наурзым ОКЖ кітапханашылары өз тәжірибелерімен бөлісіп және ең үздік жұмыстарын көрсете білді.