06.05.2019


Первомай ауылдық кітапханасында   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен – Қазақстан Республикасының патриотымын» құқықтық сағаты өтті.


Сабақтың мақсаты: оқушыларды отансүйгіштік, азаматтылық рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің өз халқының тарихына назарын аудару, өз халқының тағдырына, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде қызмет етуге қажетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Кітапханашы мейрамның шығу тарихы туралы айтып берді, АӘД пәнінің мұғалімі Б.С. Ермағамбетов жасөспірімдер үшін әскери қызметтің аса маңыздылығын айтып түсіндірді. Тапқырлық пен ептілікке ойындар жүргізілді. Іс-шара слайд тұсайкесермен,тақырыптық көрме және берілген тақырып бойынша викторинамен сүйемелденді.

Қатысқандар: ауыл мектебінің оқушылары, кітапхананың барлық санаттағы оқырмандар тобы. Қамту: 30 адам.