23.05.2019


Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіров осы жылы 125 жасқа толар  еді. Адамгершілік мінез-құлықты, азаматтық-патриоттық ұстанымды қалыптастыру және оқушыларды поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығын негізге ала отырып, Әулиекөл аудандық кітапханасында И.Сьянов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған    танымал ақын, драматургтың мерейтойына  орай   «Қазақ поэзиясының құлагері» поэзиялық кеші  өтті. Іс-шара жүргізушілері  Ілияс Жансүгіров өз шығармашылығымен  әдебиеттің жоғары қоғамдық, адамгершілік және азаматтық міндетін дәлелдегенін айтып өтті.


Ол жалғансыз өмір сүрді,оның  адамдарға деген сенімі мен сүйіспеншілігі шабыттандырды.  Бүгінде Ілияс Жансүгіров XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің мақтанышы.


Іс-шараға мектеп оқушылары Туфатуллина Рината, Струневский Денис, Тасбулатов Әлішер қатысып, ақынның «Әншіге», «Желді қарағай», «Жауын», «Қырман», «Құлагер» өлеңдерін оқып берді.


Өзінен орасан зор шығармашылық мұра қалдырған  Ілияс Жансүгіров, қазақ классикасының талантынан  біз әрдайым шабыт алып рахат аламыз.