Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс- шарада  аудан әкімі  Асхат Ғалымұлы Кисиков  құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен жаңа белестерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Ол Әулиекөл ауданының  XXXIII облыстық Халық шығармашылық көркемөнерпаздар фестивалі қарсаңында  жасаған  маңызды және жемісті еңбектерінің арқасында  ең жоғары өнер көрсетіп, бас жүлде Гран-при жеңіп алғандары үшін  шексіз алғысын білдірді.


Аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры  С.Ж. Серкебаева абыройлы және ұзақ мерзімді жұмысы үшін Мәдениет және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудан әкімінің грамотасымен Аманқарағай ауылдық кітапхана - коворкингтің  аға кітапханашысы  Ж.С. Нугуманова  және аудандық кітапхананың әдіскері Ж.М. Досалина  марапатталды. Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы И.Н. Будина, Аманқарағай ауылдық кітапхана коворкингтің кітапханашысы  Е.О. Кельм, Тимофеев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.М. Жамахина, Соснов ауылдық кітапханасының  кітапханашысы Е.А. Шаймерденова, Москалев үлгілі кітапханасының кітапханашысы Т.Н. Пиманова - аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Қымбатты әріптестерімізді  марапаттарымен құттықтаймыз! Өз еңбектерін еселей түсетін,шығармашылық еңбектің құндылығын бағалаушылар және   шексіз шабыт, мол шығармашылық табыс тілейміз. Мерейлеріңіз үстем болсын!!!