Ұлы Отан соғысы – бұл тек өткенге ғана емес, сонымен қатар жаңа ұрпаққа да қатысты  ең үлкен тарихи оқиға. Бұл ұрыс даласында қаза тапқандарға және бейбіт өмірде  алған жарақаттан  қайтыс болғандарды мәңгілік есте сақтау. Бұл  қазіргі кезде өмір сүріп жатқан  ардагерлерге көрсетілетін құрмет. Біздерге бейбіт өмір силаған ата ұрпақ өкілдері алдындағы  баршамыздың парызымыз – соғыс жайлы тарихты сақтау, қаза болған бірде-бір жауынгерді ұмытпау, соғыс балаларына, еңбек және соғыс ардагерлерінің батырлық ерліктері үшін мәңгілік құрмет көрсете білу. Ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтап қалу, Қазақстанның тарихи өткені мен бүгінгісіне   құрмет көрсету мақсатында, «Әулиекөл – асыл өлкем»  жобасының аясында Әулиекөл аудандық кітапханасы біздің жерлестеріміз – Кеңес Одағының Батырлары Михаил Сальниковтың 100 жылдығына және  Василий Нелюбовтың 105 жылдық мерейтойларына  арналған  «Өлке тарихындағы даңқты есімдер» тарихи экскурсын өткізді. Іс-шара Құсмұрын  УК-161 еңбек-түзету колониясында өтті. Жүргізушілер қатысушыларды батырларымыздың өмірбаяндарымен таныстырып, олардың жасаған ерліктері жайында, олар қатысқан ұрыстар туралы, отан үшін шайқасқан жауынгерлер туралы айтып берді.