XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. Н. Назарбаев

19.06.2019


Түркі халықтары тамырын тереңге жайған  ағашқа ұқсайды.Көлеңкесін мол беретін бұл ағаштың екі ірі бұтақтары - қазақ және өзбек халықтары. Олардың ежелгі мәдениеті, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері мен құндылықтары бір-бірімен тығыз байланысты және үйлесімді. 


Бахтиёр Сайфуллаев, Өзбек Республикасының

 мәдениет министрі

2019 жылдың 15-ші сәуірінде Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуы болды, осыған байланысты 18 маусымда Әулиекөл аудандық кітапханасында өзбек әдебиеті мен мәдениеті күні өтті.Кітапханада таңертеңнен бастап музыка ойнап,   өзбек халқының ұлттық киімін киген кітапханашылар өз оқырмандарын қуана қарсы алды. Бұл күні әрбір оқырманға Өзбекстан туралы мәліметтері бар және біздің кітапхана қорында сақталған өзбек авторларының көркем әдебиеттерінің тізімі жазылған бүктемелер таратылды. Осы күні «Кітап. Мәдениет. Толеранттық» кітап көрмесінің тұсаукесері болды.  Кітап көрмесінде кітапхана қорынан шыққан  өзбек халқының тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен өнеріне, сондай-ақ өзбек авторларының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары туралы материалдар ұсынылды. Көрмеге барлық ниет етушілер келе алады.