21 маусымда Чернигов ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Елбасшылыққа келуінің 30 жылдығына арналған ақпараттық  қалқан дайындалып, «Әлемдік деңгейдегі көшбасшы» ақпараттық сағаты өтті. Қазақстанның дамуы мен гүлдену жолында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, жаһандық көлемдегі саяси қайраткер  Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның алға басуы Президенттің көшбасшылығы байланысты дамыды. Республикамыздың экономикалық өсуі мен тұрақтылығы жоғары қарқынмен ерекшеленді, елімізде жақсы өзгерістер орын алып, қуаныш пен үміт ұяландырды. Осы уақыт аралығында Тұңғыш Президент Н. Назарбаевты халық әрдайым қолдап отырды. Қатысушылар Тұңғыш Президент туралы, оның туындылары, тәуелсіз республиканың қалыптасуына қосқанбаға жетпес үлесі туралы әдебиеттермен танысты. Іс-шараның мақсаты: азаматтық отансүйгіштікті нығайту, ізгілік пен келісім, Қазақстан халықтарының арасындағы бейбітшілік, Тұңғыш Президент туралы әдебиетпен танысу. Іс-шараға қатысқан 10 адам.