Москалев ауылдық үлгілі кітапханасында оқырмандарға арналған «Қазақстанның президенттілік тарихы» көрме-портреті және «Әлем таныған Елбасы» бейне-саяхаты ұйымдастырылды.  2012 жылдан бастап елімізде жаңа мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні пайда болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президенттің  атқарған рөлі баға жетпес. Мемлекет басшысы көпұлтты халықты ынтымақтастырып, өзінің ұлағатты шешімдерінің арқасында экономиканы көтеруге және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндікке ие болды. Іс-шараның мақсаты оқырмандарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды рөлін ашып, еліміздің дамуының және қалыптасуының тарихи оқиғаларын таныстырып, қазақстандық патриотизмді, халықтың тарихымен, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрмет пен сүйіспеншілік танытуға, өз елін зерделеуге ынталандыру. Фотогалереядан басқа, кітаптар, Президент қызметі туралы жазба, Қазақстан туралы әдебиет, журналдар мен газеттерден түсірілген фотосуреттер ұсынылды. Іс-шара барысында қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянынан оның ұлағаттылығы, алыстан болжайтын саясаткерлігі туралы көптеген қызықты мәліметтер туралы білді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауымен ашылды. Іс-шара барысында «Президенттің ғылыми еңбектері» атты слайд-көрсетілімі қойылды. Н.Назарбаевтың «Менің  туған көшем»  сүйікті әні орындалды. Қатысқандар 24 адам.