Неміс философы Артур Шопенгауэр: «Кітаптар - уақыт мұхитындағы шамшырақтар» - деген екен. Шамшырақтар кемелерді туған жағалауына апаратын жолды көрсетеді.  Ал, кітаптар адамға не береді?

 

Олар бізді әдебиет әлемімен, білім әлемімен, саяхаттармен, ғылыми фантастикамен таныстырады. Әр кітаптың өз тағдыры бар. Кейбіреулері кітаптың әр саңылауларына дейін оқыса, біреулері анықтама алу үшін жүгінеді, ал кейбір кітаптар оқырман өміріндегі дәуірді құрайды, ал кейбіреуі елеулі ғана із қалдырады. Бірақ ... бір күні кітаптың таңғажайып құпиясын аша білген адам  «онымен мәңгі ауырады»,  яғни шын жүрегімен  беріліп оқиды деген сөз.

 

Біз, кітапханашылар үшін кітаптар әлемі - адам қолымен жасаған ең керемет әлем, сондықтан біз басқа адамдардың яғни, оқырмандарымыздың да (осы әлемде) өмір сүргенін қалаймыз. 11 қазанда Әулиекөл аудандық кітапханасында «Әулиекөл – асыл өлкем» жобасы аясында оқуға деген сүйіспеншіліктерін ортаға салып, оқыған және алған әсерлерімен бөліскен ең жақсы, ең белсенді және қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған «Ең жақсы оқырмандар шоқжұлдызы» атты бенефисі өтті. Олар әдеби викториналар мен байқауларға қатысты. Шараға орай «Біз не оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бенефис келесі номинациялар бойынша  өтті:  «Ең көп оқитын отбасы » номинациясын бойынша  Дарбаевтар отбасы бұл отбасын Раиса Төлеуқызымен таныстырды, ол өзінің оқуға деген махаббаты, кітапты құрметтеуі және немерелерін оқуға тартудың құпиялары туралы айтып берді. «Ең белсенді оқырман» номинациясы бойынша және біз Зоя Федоровна Капрянцевамен таныстық. Егде жасына қарамастан  ол көптеген жас оқырмандарға қарағанда  өз белсенділігін көрсетті.  «Ең көп оқитын достар» номинациясында  -  Лыфарь Зоя Михайловна және  Кулинич Наталья Алексеевна  алғырлық танытты,олар кітапханамен қалай танысқандықтары және кітап оқу туралы өз ұсыныстарын айтып берді.    Кітапханаға көптеген белсенді және  және ынталы оқырмандар келеді. Солардың ішінде Сибиль Зоя Семеновна ол «Ең жақсы оқырман» номинациясында танымал болды. Ол аудандағы  зағиптар және көзі нашар көретін қоғамға жетекшілік етеді, ол кітапхананың белсенді,ізденімпаз оқырмандарының бірі. Біз көркем әдебиетті оқып қана қоймай, тарихты, географияны, саясатты және тағы басқалармен айналысатын  тұрақты және аса  қызығушылық танытатын оқырмандарымызға алғысымызды білдіреміз. Есмағамбетов Әсемхан Қалмұқанұлы өзін «Ең білімпаз оқырман» номинациясында көрсете білді. Өте жігерлі және жан-жақты адам. Біздің көрермендер, ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенттері біздің номинаттарымызды  мұқият тыңдап, әдеби викторинаға белсене қатысты. Бенефистің мақсаты: кітаптарды,кітап оқуды  көпшілікке дәріптеу, кітапхананың жағымды бейнесін  қалыптастыру.