Әулиекөл аудандық кітапханасы  И.Сьянова атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары үшін жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Еліміздің елеулі есімі» атты әдеби сағатын өткізді.   

  Бейімбет Майлин қазақ әдебиетінде маңызды орын алатын бай мұра қалдырды. Ол поэма, роман, повесть, бірнеше либретто, пьеса мен кино сценарийлерінің авторы.  Іс-шара барысында оқушылар Бейімбет Майлиннің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныс болды. Сондай-ақ оқушылар  сол жылдары қазақ драматургиясына Бейімбет Майлиннің пьесалары бірқатар көркемдік жетістіктерімен ерекшеленгендіктеріне көз жеткізді. Көрнекті жазушының шығармалары әрқашан халық арасында танымал болды. Оның шығармалары   қазақ халқының болмысын, Отанға деген сүйіспеншілікті, салт-дәстүрді, ана тіліне деген  құрмет туралы жырланған. Шара соңында қатысушылардың  барлығы жазушының шығармашылығына арналған викторинаға белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты: өскелең  ұрпақты қазақ жазушысы Б.Майлин мұрасын оқумен таныстыру, кітапхана қорының пайдаланушыларының санын арттыру.