Г.Г.Сулеймановтың  «Учитель» кітабының тұсаукесері  

/«Шежіреге толы туған өлке» жобасы аясында 

Қ.Тұрғымбаевтың 90 жылдығына орай/

 

 «Шежіреге толы туған өлке» жобасы аясында   04 ақпанда  в  Әулиекөл аудандық кітапханасында Г.Г.Сулеймановтың  «Учитель» кітабының тұсаукесері өтті.Кітаптың авторы – өз өлкесінің тарихы үшін жан-тәнімен күйзелетін жан.Кітап Целинный совхозының аты аңызға айналған директоры, Қазақстан Компартиясы Семиозерный аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, Социалистік Еңбек Ері, есімі аудан тарихында алтын әріптермен жазылған Тұрғымбаев Қабидолла Қобланұлына арналған. Іс-шараның мақсаты -   Қ.Қ.Тұрғымбаевтың Целинный совхозының   және  Әулиекөл ауданының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі туралы әңгімелеу.               

Өз шығармасында автор  еңбек ардагері туралы түрлі архивтік  және  өзінің,оның серіктестері мен ұстаздарының еске алулары туралы материалдарын қолданған,олардың ішінде бүгін қонақ ретінде шақырылған Көшкентаев Емберген Бекбергенұлы, Ефименко Надежда Ивановна және  Ефименко Николай Алексеевич бар.                                                                         

Келген қонақтар іс-шара қатысушыларымен  Қ.Қ.Тұрғымбаевтан алған әсерлерімен және ол туралы естеліктерімен бөлісті.  Кеш жүргізушілері  әңгіме барысын құжаттар мен архивтік деректерге сүйене отырып  жүргізді. Іс-шарада  «Қ. Тұрғымбаев   -  халық жадындағы есім » тұсаукесері көрсетілді.   Соңында  келген қонақтардың құрметіне  сазды әуеннен сый тартылды,барлық қатысушылар аса ризашылықпен тарқасты.