Аудандық семинар: «Ақпараттық-библиографиялық құралдар:түрлері мен формалары»

 

Кез – келген кітапхананың негізгі міндеті-ақпаратқа еркін және шексіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, пайдаланушылардың заманауи ақпараттық-библиографиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, әртүрлі және мазмұндағы библиографиялық өнімдер жасау. 28 мамыр күні Әулиекөл аудандық кітапханасында кітапхана қызметкерлері үшін «Ақпараттық-библиографиялық құралдар: түрлері мен формалары» аудандық семинары өтті. Семинар бағдарламасына кітапхана қызметінің мәселелері, тәжірибе және атқарымдармен алмасулар туралы ақпараттар енгізілді. Семинарды «Әулиекөл аудандық ОКЖ» ММ директоры Серкебаева С.Ж. ашып, ОКЖ кітапханаларының одан әрі дамытудың басымдылық бағдарларын атап өтті.

 

Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің аға кітапханашысы алдағы уақытта Аманқарағай БК,Құсмұрын БК, Юльев АК,Қарақалпақ АК, Харьков АК, Әулиекөл ОК қорларына салыстыру жүргізілетіндігі туралы хабарлады.

 

ӘББ аға библиографы А.К. Мукушова «Библиографиялық құралдарды құрастыру - библиография бойынша кітапхана қызметінің маңызды бағыттарының бірі» баяндамасымен сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларды библиографиялық оқу құралын құрастыру әдістемесімен таныстырды, библиографиялық тізімдемелер мемлекеттік стандартта көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келуі керектігі туралы айтты.


Соснов АК кітапханашысы «Өз өлкеңді сүй және жырла» өлкетанулық кітапханалық жобасының жұмысы туралы және жазушы, ақын, Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы, республикалық және облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Абай Қажиге арналған «Дархан дала» библиографиялық көрсеткішін құрастыру туралы тәжірибесімен бөлісті.

 

Абай Қажи өзінің жарқын өлеңдері мен шытырман оқиғалы деректі әңгімелерімен оқырмандарға жол таба білген белгілі жазушы.

 

Ол өз кітаптарында қызмет жасаған кездерінде аудан өмірінде болған ұрлық, кісі өлтіру сияқты қылмыстық істерді ашуға байланысты қылмыстық оқиғалар туралы әңгімелер жазды. Ақынның шығармалары ұлттық сезімді, адами болмысты, қазақ санасын бейнелейді.

 

2021 жылы біздің еліміз Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында,Ы.Алтынсариннің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін және мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын сезіне отырып, Лаврентьев АК кітапханашысы М.А.Алимбаева «Шырағын жаққан білімнің» библиографиялық құралын құрастырды. Көрсеткіште 1984 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта Лаврентьев ауылдық кітапханасы мен Әулиекөл аудандық кітапханасының қорында бар баспасөзде жарияланған материалдар ұсынылды.

 

Первомай АК кітапханашысы И.В. Кобелева О. Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Ақын және азамат» библиографиялық көрсеткішін құру бойынша өз жұмысын ұсынды. «Ақынның шығармалары басынан бастап ұлттық әдебиеттің құбылысы ретінде танылып, әрдайым қызықтырды және бүгінгі күнге дейін сөз құндылығын бағалаушылардың назарын аударды», – деп атап өтті Ирина Викторовна.

 

Қазақстанның танымал адамдары-біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің жеке парағы. Қазақстанда Абай Құнанбаевты білмейтін бірде-бір адам жоқ шығар, оның есімі еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгі жазылған. Юльев АК кітапханашысы З.Б. Тулегенова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің сөз шебері=Мастер слова казахской литературы» библиографиялық көрсеткішін дайындады.

 

Абай Қазақстанның өзіндік ұлттық брендіне айналды. Өйткені, ол қазақ халқына тән ең жақсы ақыл, даналық Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, жанқиярлық, жанашырлық, қамқорлық сынды қасиеттерді бойына сіңіре білген. Абай өзінен кейін ұлы мұра қалдырды, оның маңызын қайта бағалау мүмкін емес.

 

Библиографиялық құралдарды құрастыру әдістемесін игеру кітапхана мамандары үшін өзекті мәселе болып табылады. Бұл ірі библиографиялық орталықтар шығаратын басылымдар санының қысқаруына және олардың оқуды ұйымдастырудағы атқаратын рөліне байланысты.

 

Қатысушылардың пікірлері бойынша:семинар жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды, ашық диалог түрінде жүргізілді , әрі қарай жұмыс барысында позитивті ой және алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдануға оң нәтиже беретіндігіне зор сенім артты. Осындай іс - шаралар әрқашан маңызды және өзекті.