Әулиекөл балалар кітапханасының кітапханашысы  «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Ш. Уәлиханов атындағы мектептің 6 сынып оқушыларына арналған белгілі жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған  «Қазақ прозасының кемеңгері » әдеби сағатын өткізді .

 Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды, оқырмандарға жазушының шығармаларының бірегейлігі, шығармалар кейіпкерлерінің даралығы мен табиғилығы туралы айтып берді. Іс-шараға  «Шоқтығы биік жазушы »әдеби көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Т.Әбдіковтың "Оң қол", "Әке", "Парасат майданы", "Қонақтар" кітаптары, сондай-ақ әр жылдары мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылды. Іс-шараның мақсаты-рухани мұраны сақтау, қоғамның отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.