Бүгінде өлкетану Әулиекөл ауданының  кітапханалары жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Туған өлкенің тарихына деген қызығушылықтың бар екендігі  және кітапхана қызметкерлері оның азаюына жол бермеу мақсатында  көптеген жұмыс  жасауда.

Әулиекөл ауданының 95 жылдығына арналған «Наш край: от маленьких находок до больших открытий» деген атаумен Әулиекөл аудандық кітапханасында 30 қазанда аудандық семинар өтті. Әулиекөл аудандық ОКЖ директоры С.Ж. Серкебаева құттықтау сөз сөйледі. Светлана Жанайдарқызы өз сөзінде халықты өлкетану ақпараттандырудағы кітапханалардың жетекші рөлін атап өтті.

ӘББ  жетекшісі  Ж. М. Досалина «Әдеби өлкетануды сақтау мен дамытудағы кітапханалардың рөлі» туралы баяндама жасады. Осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен Чернигов ауылдық кітапханасының кітапханашысы И.В.Воскобойник, Аманқарағай ауылдық кітапханасы-коворкинг кітапханашысы Ж.С.Нугуманова, Новоселов ауылдық кітапханасының кітапханашысы З.С.Райымбекова қатысушылармен бөлісті. Қатысушылардың пікірлері бойынша, семинар одан әрі жұмыс жасау барысында  пайдалы және алған білімдерін тәжірибеде  қолдануда тиімді екендігін білдірді.