Әулиекөл ОБК «Қазіргі балалар мен жасөспірімдердің оқуы: ілгерілетудің формалары мен әдістері » семинары өтті. Тақырып өзекті, бүгінде балалар оқуында айтарлықтай өзгерістер бар екендігі сезіледі.  Бүгінгі таңда кітапхана мамандарына кітап пен оқуды насихаттаудың заманауи түрлерінің үлкен таңдауы ұсынылды.

«Балалар кітапханашыларының оқуға тарту бойынша жұмысының әдістері мен тәсілдері » - осы тақырып бойынша ұсыныстармен Құсмұрын БК  кітапханашысы Т. Ю. Сизоненко сөз сөйледі. Баяндамада кітапханаларда қолданылатын түрлі әдістер мен тәсілдер айтылды, олардың көмегімен жас ұрпақтың оқуына оң көзқарасты қалыптастыруға қол жеткізілді. Бұл интерактивті, визуалды және ойын әдістері. Әулиекөл ОБК меңгерушісі Ж.И. Нұржанованың  «Балалар оқуын қолдайтын кітапханалық акциялар мен жобалар »  баяндамасында  «Летнее чтение – вот это приключение»  және  «Мен тұратын өлке »өлкетану жобасының іске асырылуы туралы айтып өтті.

Аманқарағай БК кітапханашысы Г.К. Карбаеваның  «Балалармен жұмыстың  инновациялық және креативті формалары  мен әдістері »  баяндамасында балалар кітапханалары жұмысының дәстүрлі емес түрлері  аталды. И. В. Мирошниченко жетекшілік ететін «Теремок » қуыршақ үйірмесі қызығушылық тудырды, өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті. Т. А. Алтаева қатысушылардың назарына балалар әдебиетінің кітап жаңалықтарына шолу жасады. Семинарға қатысушылар  айтылған баяндамалар арқылы  көптеген жаңа, қызықты, ерекше  жайттарға қанық болды.

Семинарды өткізу үшін әдістемелік материалдардың көрме–ұсынымы рәсімделді.