Кітапхана өмірінде жыл сайын алғашқы семинарды өткен жылдың қорытындысына арнау дәстүрге айналып келеді. 2024 жылдың 23 сәуірінде Әулиекөл аудандық кітапханасында «Әулиекөл ОКЖ кітапханаларының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы, жаңа міндеттері мен бастамалары» семинар өткізілді. Семинарға ауданның 39 кітапханашысы қатысты. Кітапхана қызметкерлеріне арнап ОКЖ директоры Серкебаева С.Ж.құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол алдағы жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті, жиналғандардың сұрақтарына жауап бере отырып, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.

ӘББ жетекшісі Досалина Ж.М.Әулиекөл аудандық ОКЖ кітапханаларының 2023 жылғы жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттермен таныстырды. Семинарда «Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық конкурс фестиваліне қатысуына ерекше назар аударылды.