19 наурызда Әулиекөл аудандық кітапханасының есігі барлық оқырмандарға және Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – думан» дәстүрлі сағатына шақырылған қонақтарға қонақжайлылықпен ашылды. Іс - шара туған елге деген патриоттық сезімді, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Ұлттық үлгіде безендірілген оқу залында, дастархан басына «Дәстүр» клубының құрметті қатысушылары жайғасты. Іс - шара дәстүрлі түрде «Шашу» және «Бата алу» рәсімдерінен басталды. «Дәстүр» әдеби - фольклорлық клубының қатысушылары «Тұсау кесу» әдет - ғұрпын көрсетті. Іс - шараға Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің музыканттары домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқап берді Іс - шара ұлттық тағамдарға толы мерекелік шай кешімен аяқталды.