Әулиекөл ОКЖ дамытудағы басым бағыттар 2024 жылға, пайдаланушылардың барлық санаттарының пайдаланушыларына кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға қойылған мақсаттар мен міндеттермен айқындалған. Есепті кезеңде ОКЖ - нің барлық кітапханаларында 2024 жылдың маңызды мерейтойлық әдеби күндеріне орайластырылған іс - шаралар өтті.

Биыл біз Қазақстанның кең даласын алтын бидайға айналдырған тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығын атап өтеміз. Әулиекөл аудандық кітапханасы осы мерейтойға арналған «Тың - ұрпақтар байланысы»  кеш өткізді, оның барысында И.Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебінің оқырмандары мен оқушылары тарихпен танысты. Алғашқы тың игерушілердің қажырлы еңбегі, сол кездегі  далада жұмыс атқарған техника, тұрмысы және қоныс аударушылардың алдында туындаған мәселелері туралы мағлұмат алды. Әулиекөлдікбос  кеңістігін жыртқан алғашқы адамдардың есімдері аталды. Іс-шараға қонақ ретінде: алғашқы тың игеруші Зайляев Фуат Ахметғалиұлы, сондай - ақ сол уақытқа куәгер болған Сманов Кенжебек Танкайұлы, Чопов Николай Антонович, Әлмағамбетов Рахымжан Қабжамалұлы шақырылды, олар өздерінің естеліктерімен бөлісті, өйткені олардың әрқайсысының тағдыры осы кездегі жасаған  еріктерімен байланысты еді. Іс - шара слайд - тұсаукесермен сүйемелденді.