2014 жылғы 17 шілдеде Аудандық Мәдениет үйінде Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер»  фестиваль-байқауы өткізілді. Іс- шараның негізгі мақсаты- қарт азаматтарға мәдени ойын-сауық ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттілігін ашу. Мәдениет үйінің фойесінде «Жаса Жеңіс мәңгілік» кітап көрмесі жайылды. Конкурсқа аудан орталығы, селолық округінің зейнеткерлері. Аудандық кітапханадан «Дәстүр» әдеби-фольклор клубының өкілдері қатысты. Ең белсенділер бағалы жүлделермен марапатталды. Іс- шара қызықты және мағыналы өтті.