Аудандық кітапханада белсенді оқушылар мен №2 ОМ оқушыларының қатысуымен Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған «Көркем сөздің шебері» атты әдеби круизі өтті. Оқырмандардың жазушы- жерлесіміздің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысуға мүмкіндігі боды. Іс- шара барысында Бейімбет Майлин туралы өлеңдер айтылды, жазушы туындыларынан үзінділерді дауыстап оқыды. Іс-шарада Б.Майлиннің отбасы, оның шығармашылық қызметі туралы фотоқұжаттар ұсынылған слайдар көрсетілді. Оқырмандар үшін «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты көрме- шолу безендірілді, онда аудандық кітапханада бар жазушының туындыларын табуға болады.