Әулиекөл аудандық кітапханасында 23 қыркүйекте үлкен адамгершілік- патриоттық іс- шара өткізілді, іс- шара барысында жазушы Сайын Мұратбековтің екі шығармасының тұсаукесері және Тілдер күнін мерекелеуге арналған «Тілім менің – өмірімнің өлеңі» атты мәтінді мәнерлеп оқушылар конкурсы өтті.

Айналасы тақырыптық көрмелермен қоршалған, көрнекі безендірілген шағын, жайлы залға шақырылған көрермендер, ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері жиналды. Өзектен өткен С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінің тату, еркін ахуалдағы тыңдаушылары соғыс уақытындағы жағдайға кіріп кеткендей болды. Автор ащы жусан иісі сіңген, соғыстағы адамдардың жан дүниесіне кіре білді. «Басында Үшқараның» атты екінші шығармасы оқырмандар жанын түршіктіріп, әрқайсының өз қылықтары туралы ойландыруға мәжбүр етеді, ондағы басты тақырып- адамгершілік мәселелері. Шақырылған жастар жүргізушілердің сөз сөйлегенін қызықтап, рухын көтеріп тыңдады, сұрақтар қойып, оларға түсінік берді, өйткені бұл тақырып шынында көп жанды толғандырады. Қазақстан халқының Тілдер күнін мерекелеуге арналған мәтінді мәнерлеп оқушылар конкурсы тартымды өтті. Оған ауылшаруашылық колледжінің студенттері- Анастасия Шевченко, Рада Малдыбаева, Диана Бекмағамбетова, Екатерина Штефан, Диана Имантай, Инга Михель, Райнгольд Шторм белсенді қатысты.Іс- шара қазақ және орыс тілдерінде өтті, конкурсқа қатысушылар Ж.Молдағалиев, О.Сүлейменов, С.Торайғыров, Ә.Тәжібаевтардың өлеңдерін оқыды, жергілікті ақын А.Қажы мен Т.Бабырлардың өлеңдері де айтылды. Қазылар алқасының қорытындысы шыққанша, қатысушылар ұлттық салт- дәстүрлер, фольклор, қалалар, теңіздер мен Қазақстанның ұмытылмас даталарын танудағы «Бәйге» ойын- викторинасы барысында өз ой өресін көрсетті. Қызықты үзілістен кейін өлеңді мәнерлеп оқығаны үшін білікті қазылар алқасының нәтижесімен И.Михель 3 орынға, Д.Бекмағамбетова 2 орынға ие болды, «Туған жер» әнін А.Шевченко әуенді дауыспен назды орындап, марапатқа лайық 1 орынға ие болды. Қалған қатысушылар қонақтарды селсоқ қалдырмады, қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.