Жыл сайын аудандық кітапхана алғашқы оқырманның «Жаңа оқу жылыңмен!» акциясын өткізеді. 5 қаңтарда 2015 жылдың алғашқы оқырманы етіп белсенді оқырман, «Дәстүр» клубының қатысушысы Оспанова Әлима Сұлтанқызы аталды. Ол алғыс хат және арнайы жүлдемен мадақталды, ал келесі 5 жаңа оқырманға кітапхана алғыс хат тапсырды. Одан басқа, оқырмандар арасында оқу және олардың сүйікті кітаптары туралы шағын сұрақ-жауап өткізілді. Жаңа жылдың алғашқы күнінде 59 адам жазылды.