Аудандық кітапхананың оқырман залында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жаса, Жеңіс, мәңгілік!» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде кітапханашылар әдебиеттер шолуын өткізді, қазақстан жауынгерлерінің ерліктері, тыл қаһармандары туралы ұсынды, Қостанай облысы батырларының ерліктері туралы айтып берді.

Әулиекөл- батырлары- Совет Одағының батырлары- С.Баймағамбетов, С.Съянов, С.Нелюбов, С.Нечипуренко, М.Сальниковтардың портреттері ұсынылды. Соғыстан қайтпағандар, олардың біздің есімізде мәңгі қалатыны туралы мәліметтері жиналған «Боздақтар» атты еске алу кітабын және отбасыларына Жеңіспен оралған батырлар туралы «Они вернулись с Победой» еске алу кітабын  ұсынды.