«Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, «Қоғамдық келісім» РММ және КММ еліміздің кітапханаларымен бірлесіп, этно-ағарту кешендері және барлық тілек білдірушілер арасында жалпықазақстандық ашық диктант жазуды өткізді.

Әулиекөл орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 25-жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазуға 30 адам қатысты. Бұлар түрлі ұлт өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер. Ашық диктант жазудың басты мақсаты – жеке сауаттылықтарын тексеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Диктантты аудандық тілдерді оқыту орталығы мамандарынан құрылған Тексеру комиссиясы бағалады. Жақсы жазылған жұмыстар алғыс хаттармен марапатталды. Әсіресе, диктантты сауатты жазғандар: Жастар ресурстық орталылығының әдіскері Сұлтанғалиева Әсем Ғалымжановнаны, аудан әкімі аппаратының бас маманы- Амергужин Ертай Сағитовичті, әділет басқармасының инспекторы -Тұрғын Әлішер Тұрғынұлын, экономика бөлімінің бас маманы - Жылыспаева Жанара Мылтыкбаевнаны, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мираспеков Санжар Ниязбекұлын, кешкі мектептің оқытушысы - Маликова Айтжан Есенғалиевнаны, білім бөлімінің әдіскері –Тажикова Айгүл Ертуганқызын, білім бөлімінің бас маманы - Култаева Нұржамал Төкенқызын атап өткен жөн. Акция халықтың азаматтық және өмірлік ұстанымдарын белсенді танытқанын көрсетті.