«Әдеби Қостанай» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Әулиекөл ОКЖ Млскалев МК-да түрлі жастағы оқырмандар жиналды.

Байқауда еркін тақырыпта өлең оқуға болады.Біздің мақсатымыз Қостанай өңірінен шыққан ақындар туралы білімдерін толықтыру, поэзиялық шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру, көпшілік алдына шығу және басқаларды тыңдап, өз өнерін көрсете білу. А.Досовтың, А.Кажидың, С.Мухатинаның, С.Оспановтың өлеңдері жатқа оқылды. Шараға қатысушылар мен тыңдаушылар өз білімдерін толықтырып, жақсы әсер алды деп айтуға болады. Байқау жеңімпаздары Нұрканов Мади, Досмадьярова Мадина, Садвакасова Айдана болды. Байқауда «Қостанай облысының ақын-жазушылары» атты слайд көрсетілді.