22 қыркүйекте Әулиекөл аудандық кітапханасында аудан кітапханашыларына арналаған «Қазіргі кезеңде кітапханалық қорды есепке алу және жабдықтау» атты семинар өтті. Өзекті мәселені талқылауда ОКЖ директоры, бас мамандар, ауданның селолық кітапханашылары қатысты.

Бүгінгі таңда кітапханалар дәстүрлі кітаптар, мерзімдік басылымдардан басқа электронды ақпарат таратушылармен жабдықталған. Кітапханаларда әдебиетті есепке алу мен іздеуге арналған автоматтандырылған бағдарламалар енгізілуде. Жабдықтау көздері кеңейтілуде. Осы және басқа да сұрақтарды аудан кітапханашылары семинарда қарастырды. Теориялық кеңес беру жұмыс тәжірибесін талдаумен алмасты. 2009 жылы ОКЖ-не енгізілген РАКАЖ бағдарламасы оң нәтиже көрсетуде. ОКЖ кітап қорының электронды каталогы құрылды. Бұл бағыттағы маңызды міндеттің бірі – РАКАЖ бағдарламасын селолық кітапханаларға енгізу және оларды ғаламтор жүйесіне қосу.