22 қыркүйекте аудандық кітапхананың оқырман залында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Язык моих предков угаснуть не должен» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға И.Сьянов атындағы №3 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар М.Дулатов, Ж.Молдағалиев, А.Шаяхмет,А.Қажи, Т.Шевченко және т.б. авторлардың Отан туралы, туған тіл туралы өлеңдерін әр тілде оқыды. Байқау соңында әділқазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады, олар Қаби Динара, Фролова Ильмира, Мысыр Жанель. Шара соңында Қазақстан халқының салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары туралы викторина өткізілді.