Казақстан –  125-ден астам  ұлт пен  халқы бар көп ұлтты мемлекет. Халықтардың ұйымшылдығы үшін үкімет басшысы түрлі іс-шаралар өткізеді, солардың бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл көктемнің жарқын мейрамы Қазақстанның әр қаласында өтеді,орталық көшелеріндегі парадтар мен шерулер, сонымен қатар көңіл көтеретін көптеген іс шаралар өткізіледі. Аманқарағай ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел басында әр ұлттың оқырмандары өз халқының салт-дәстүрлерін айтып беруге жиналды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтың бірлігіне,өз елінің тағдырына  ортақтастығын қалыптастыруға ықпал ету.