Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан  ең жарқын да,ізгі мейрамдардың бірі - Қазақстан халықтарының  бірлігі күнін атап өтеді.

Бұл  125-тен астам ұлты мен халқы бар еліміздің бейбіт өміріне қажетті достық пен келісім,түсінушілік мейрамы. 1 Мамыр күні Әулиекөл ауылының орталық алаңында этномәдени бірлестігімен және аудандық мәденет үйінің шығармашылық ұжымының қатысуымен «Бірлік, достық, бейбітшілік  мейрамы» этнографиялық калейдоскопы ұйымдастырылды. Аудан орталығының кәсіпорындары мен мекемелері Қазақстандағы әр ұлттың мәдениеті мен дастарханын ұсынды. Өзбек халқын аудандық кітапхана ұжымы көрсетті. Өзбек ұлтының киімдерін киген кітапхана қызметкерлері өзбек халқының салт-дәстүрін ұсынып,ұлттық би билеп, әйгілі ұлттық асханасын көрсетті. Тұрмыс, сәулет, қолданбалы өнерлері туралы «Өзбекстан» мерекелік стендтінде көрсетілді.