Жыл сайын бүкіл ел бойынша «Бір ел - бір кітап» «Одна страна – одна книга» акцясын өткізу дәстүрге айналып кетті.

Бұл Республикалық акция Қазақстан тұрғындарының арасында кеңінен таралған.Кітап оқуға және кітапқа қызығушылықты дәріптеу, Қазақстанның әдеби мұрасын оқып-білуге,зерттеу қызығушылықтарын дамыту мақсатында, 2007 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасы бойынша және Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР кітапханалық ассоциациясы және Қазақстан Республикасының ақпаратымен «Бір ел – бір кітап» «Одна страна - одна книга» республикалық акциясы басталған болатын.

Міне, он екі жылдан бері бұл акция кітап оқуға қызығушылық жоғала бастады деген сөздерге қарамастан, кітапты сүйсініп оқитын,талқылайтын, жалпы көпшілікке оқуға ұсынылған қазақстанның ақын, жазушыларының шығармаларын ізденіп оқитын, өзінің көптеген табынушылары мен құрметтеушілеріне ие болып отыр.

Осы уақытқа дейін акция аясында оқылған шығармалар ешкімді енжар қалдырмады. Акция аясында біз: 1) Абайдың, 2) М. Ауэзовтың, 3) М. Жұмабаевтың, 4) Ж. Молдағалиевтың, 5) Ж. Аймауытовтың, 6) О. Бокейдің, 7) Ф. Оңғарсынованың, 8) С. Муратбековтың, 9) И. Есенберлиннің, 10) Д. Бабатайұлының, 11) С. Торайғыровтың шығармаларын оқыдық.

Осы жылы акцияның форматы біршама өзгертілген:біз бірден 3 кітап оқитын боламыз. Бұл Шәкәрімнің шығармалары, Б. Момышұлының «Біздің отбасымыз», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары. Бұл кітаптар мүлде әртүрлі болғанымен,авторларының қиын тағдырлары және олардың өмірдің қиындықтарын жеңіп шығатын жолдары туралы мазмұны біріктіреді. Келіңіздер, оқыңыздар!