7 ақпанда К.Сағадиевтың 80-жасына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кішібағдарламасы аясында, ауылшаруашылық колледжінің кітапханасында сондай-ақ «Аудандық кітапхана – ақпараттық өлкетану орталығы ретінде» жобасы аясында Әулиекөл аудандық кітапханасы әзірлеген жерлестердің өмірбаяндарына арналған «Мен өз жерімнің ұлымын» саяхат-кеші өтті. Іс -шараның басында жүргізушілер экскурс түрінде Әулиекөл ауданының шығу тарихы туралы айтып өтті.

Одан әрі ауданымыздың белгілі тұлғалары туралы айтылды. Іс-шараның шарықтау шегі Сағадиев Кенжеғали Әбенұлының өмірі мен шығармашылығы болды. Кенжеғали Әбенұлы Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, үлкен ғалым-экономист,ғылым және жоғары мектептің белгілі ұйымдастырушы – біздің жерлесіміз. Іс-шараның мақсаты: Тұрғындардың тарих пен мәдениетке деген құрметтерін,қызығушылықтарын дамытуда, өз жерінің белгілі тұлғаларына арқа сүйей отырып,өскелең ұрпақ арасында ҚР белгілі саяси қайраткелері туралы мағлұмат алуға насихаттау. Оқырмандар назарына біздің ауданның белгілі адамдарының санқырлы қызметтерін дәріптейтін, соның ішінде Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы туралы «Әулиекөлдің белгілі тұлғалары» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара «Әулиекөл жерімен» слайд-тұсаукесерімен жалғасты. Шараның соңында жүргізушілермен балалар ынталана жауап берген сұрақтары бар викторина жүргізілді.