13 ақпанда Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжінде «Азамат болуға үйренемін» құқықтық ағарту сағаты өтті.

Аудандық кітапхана қызметкерлері студенттерді «Балалар құқығы туралы конвенция», адам құқығы туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі ережелерінің шығу тарихымен таныстырып, адам құқығын бұзатын жағдайлар және олардан қорғау тәсілдерін қарастырды. Кездесу барысында құқықбұзушылықты кеңінен көрсеткен ақпаратты «Жасөспірім және оның құқығы »бейнеролигі көрсетілд. Іс-шараның мақсаты: жастардың мәдени адамгершіліктерін қалыптастырудағы құқықтары мен міндеттері, қыздар мен жігіттерге құқық туралы түсініктеме беру. Балаларға жасөспірімдердің басынан өткен жағдайлары және оларды қалай шешу керектігі,қандай қылықтары – құқық бойынша,қайсы рухани жағынан реттелетіндігі туралы оқиғалар ұсынылды. Алған білімдерін бекіту үшін оқушылар «Құқықтық викторина» тақырыптық викторинасына белсене қатысты. Балалар конкурстарға қатысты.Оларға әдеби қайраткерлердің құқықтарына қатысты,құқықтық нормалар мен түсініктерін тексеру, заң бұзушылық жағдайларына тұсініктеме беру ұсынылды. Ауызша әңгімелесу-тұсаукесермен жалғасын тапты. Өз құқығын әркім білу қажет және олардың қоғам,отбасы,ата –ана алдындағы орындайтын міндеттері бар екендіктерін есте ұстау қажет. Өткен іс-шара жасөспірімдердің өз құқықтары туралы көбірек білуге және көптеген мәселелер туралы ойлануға мүмкіндік берді.