1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының Ассаблеясының 22-ші сессиясында жарлыққа қол қойған жаңа мейрам-Ризашылық күнін атап өтті.

Бұл Күннің мақсаттарының бірі - өскелең ұрпақты толенранттық сезімге тәрбиелеу, Қазақстандағы бір-біріне деген жылышырайлылық пен құрметті, сондай-ақ этноаралық келісім және ұлтаралық дәнекерлілікті нығайту. Аудандық мәдениет үйінде аудандық кітапхана «Қазақ еліне тағызым – Поклон казахской земле» тақырыптық көрме ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы және қызметі туралы кітаптар, біздің еліміздің аумағында тұратын халық туралы және мерзімдік басылымдардан мейрам туралы материалдар,көркем әдебиеттер ұсынылды.