Чернигов ауылдық кітапханасында Ризашылық күніне арналған «Ақ ниеттіліктің қол шатыры астында» атты дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті.

Бұл мереке Елбасының бастамашылығымен тағайындалды. Қазақстанның заманауи көп ұлтты отбасы – Республикаға әр жылдары жер аударылып келген тұтас халықтың, бірнеше көші-қон толқынының қорытындысының нәтижесінде құрылған болатын. Бұл кездейсоқ күн емес, 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясының туған күні. Кездесуге ауылда тұратын түрлі ұлттың оқырмандары: қазақтар, орыстар, шешендер, немістер, татарлар, украиндер, белорустар шақырылды. Келген әр қонақ мейрам туралы өз пікірлерімен бөлісті. Кездесуде ауыл әкімі Н.А.Құрманғалиев қатысты. Ол өзінің балалық шағын еске түсіріп, сол кездегі әр ұлттың балаларының қарым-қатынастары туралы айтып берді. Михайлова Л.И. өзінің қазақ-көршілерімен достық қарым-қатынасы туралы айтты. Ұлты шешен Алдамов Л. өзін көпұлтты жұмыс ұжымына қалай қабылдағанын, ондағы күлкілі оқиғаларға тап болғанын айтып берді. «Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - бұл мейрамның негізгі серпілісі. Осы іс-шараның негізгі мақсаты- толеранттық сезімді айқындау, бір-біріне деген құрмет пен ықылас, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту. Кездесуге 12 адам қатысты.